Азақстан және әлем жаңалықтары

29.10.2016

Азақстан және әлем жаңалықтарыБасты хабар. Мемлекет басшысы компанияның қаржы секторындағы мол тәжірибесі мен халықаралық қауымдастықтағы беделіне тоқталды. Өз кезегінде «Rothschild» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Эрик де Ротшильд Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, Қазақстанның қарқынды. Қазақстан мен Иордания арасы жақындай түседі. Екі ел әсіресе сауда-саттық және инвестициялық байланысын бекемдей түспек. Ол үшін әрине, логистиканы жетілдіреді. Ауыл шаруашылығы, энергетика, сондай-ақ әскери-техника салаларындағы ынтымақтастық та тереңдей түседі. Сириядағы шиеленіс жаһан жұртын алаңдатып отыр. Бейбіт жандардың нақақ қаны төгіліп, миллиондаған жандар басы ауған жаққа босып жатқанда біз бейжай отыра алмаймыз. Текетірескен тараптарды мәмілеге шақырып, бейтарап алаң ұсынғанымыз содан.

Биылғы 9 айда елімізде инфляция деңгейі 4,2 пайыз болды. Елбасының қабылдауы кезінде Ұлттық банк төрағасы осындай мәліметпен бөлісті. Ұлы Жібек жолының батыс бөлігі қайта түледі. Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісі ашылды. Салтанатты рәсімге Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Leave a Reply